Жаңалықтар тізбегі
0

Дүйсенова қазақстандықтар қандай мәселелер бойынша жиі шағымданатынын айтты

Дүйсенова қазақстандықтар қандай мәселелер бойынша жиі шағымданатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2024 14:00 Сурет: primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 2024 жылғы 26 маусымда мәжілісте қазақстандықтар қандай мәселелер бойынша жиі шағымданатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол депутаттар өңірлерге барған кезде ел азаматтары бірқатар мәселелерді көтеретінін атап өтті.

"Олардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы саласы, өңірлерді дамыту, тұрғын үй мәселелері мен қауіпсіздіктің бағыттарын қамтиды. 30% инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде құрылыс, жолдар, газ және су, әлеуметтік нысандар салу, оларды жөндеуге қатысты. Қалғандары әлеуметтік мәселелерге арналған", - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, азаматтар негізінен ауылдық жерлердегі медициналық мекемелердің жеткіліксіздігіне және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектердің сапасы мен бағасына шағымданады.

"Әлеуметтік сала мәселелерінің екінші блогы білім беруге қатысты. Атап айтқанда, білім беру сапасын арттыру, мектеп салу, интернетпен қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жиі көтерілді. Мәселелердің ішінде мәдениет мекемелеріне ерекше көңіл бөлінді", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Қазақстандықтар, Премьер-Министрдің орынбасары айтып өткендей, көктемгі егіс жұмыстарына қаражаттың жетіспеуіне, жайылымдық жерлердің тапшылығына шағымданады.

"Ағымдағы жылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі екі еседен астам өсті (180 млрд теңгеден, қазір 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді). Сондай-ақ, биыл агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 431 млрд теңге қарастырылған, қосымша 323 млрд теңге қажет. Бұл мәселе бюджетті нақтылау кезінде қаралатын болады. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін шешу үшін 946 мың гектар жер қайтарылды. Бұған қоса, жыл соңына дейін 2 млн га жер учаскелерін беру жоспарланған, олар бірінші кезекте ауылдық жерлерде мал жаю үшін халыққа беріледі", – деп сендірді Тамара Дүйсенова.

Ол Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмаларына сәйкес инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатқанын айтты. Олардың ішінде-12 мың шақырымнан астам автожол салу, реконструкциялау және жөндеу.

Сондай-ақ, жаңа газ желілерін салу есебінен 300 мың тұрғыны бар 87 елді мекенді газдандыру жоспарлануда;

"Интернетке келетін болсақ, біз шағымдардың көп екенін білеміз. Мәселе шалғайдағы елді мекендердегі нашар интернетте ғана емес. Қалаларда да ұялы байланыс пен интернет байланысына наразылық бар. Жинақталған мәселелерді жүйелі шешу мақсатында тиісті ұлттық жоба бекітіліп, іске асырылуда. Оны іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3010 ауылға оптикалық байланыс желілерін қосу көзделеді. Нәтижесінде 2,4 млн адам интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі. Мобильді интернет бүгінде 4866 ауылда қолжетімді. Өткен жылы 1161 ауылда 4G технологиясына қол жеткізілді. Жұмыс жалғасуда", - деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: