Жаңалықтар тізбегі
0

Антикор: әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркелді

Антикор: әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 10:11 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 2024 жылғы 15 Шілдеде өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство аумақтық басшылар қалалар мен аудандардың өмірінде, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда шешуші рөл атқаратынын, сондай-ақ бюджет қаражатын бөлуді анықтайтынын нақтылады.

"Олар жергілікті жерлерде мемлекеттік биліктің өкілдері болып табылады және олардың тарапынан кез-келген пайда күнемдік көріністері елдегі жемқорлықтың жай-күйі туралы халықтың бағалауын қалыптастырады. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдар арасындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аударады. Ағымдағы жылы әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркелді, олар бойынша 144 адам әшкереленді". Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі

Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

"Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, бюджет қаражатын жымқырып және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін күдіктелуде.Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 125 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді. Күдікті сотқа тартылды". Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі

Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Ол ұлының оқуына ақы төлеу қажеттілігі және дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы бизнес өкілдеріне заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікті. Сонымен қатар, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деп күдіктелуде.Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.Қазіргі уақытта іс прокурорға жіберілді".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі

Айта кетейік, агенттік жемқорлық әрекеттеріне тап болған азаматтарға тағы бір мәрте үндеу жасады. Егер жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарласуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: