Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды

Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 13:01 Сурет: Zakon.kz
Үкімет "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта былай делінген:

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

Осылайша, ТЖМ құрамына енді келесі ведомстволар кіреді:

  • Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер жөніндегі Комитет;
  • өртке қарсы қызмет Комитеті;
  •  мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Комитет;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті.

ТЖМ жаңа ведомство орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыратынын түсіндірді.

Жобаны іске асыру үшін 2024-2028 жылдар кезеңіне 1 млрд 638 млн 715 мың теңге мөлшерінде қосымша қаржылық шығындар қажет болады.

Қаулы 2024 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: