АЭС жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, атом энергетикасы объектілері үшін мамандарға қажеттілік шамамен 2 мың адамды құрайды, оның 1600 – і жедел персонал.
Мұндай нысандардың толыққанды жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет. Бұл туралы "Ядролық физика институты" РМК Бас директоры Саябек Сахиев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау барысында мәлімдеді.
"Атом энергетикасы саласындағы қажетті мамандар Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Өскемендегі екі университетте дайындалады. Қазіргі уақытта 1649 студент "Ядролық физика", "ядролық энергетикаға арналған материалдар" және "Ядролық физика және атом энергетикасы" бағыттары бойынша оқудан өтті. Осы мамандықтар бойынша оқитын студенттер негізгі тәжірибеден өту үшін ядролық физика институты мен Ұлттық ядро орталығын таңдай алады. Біздің институт 30 – дан астам халықаралық ғылыми орталықтармен және оқу орындарымен ынтымақтасады", - деді Саябек Сахиев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін атом энергетикасы объектілері үшін мамандарға қажеттілік 2 мыңға жуық адамды құрайтыны хабарланған болатын. Оның 1600-і жедел персонал қатарында болады. Жалпы, АЭС толық жұмыс істеуі үшін жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript