Көкшетау әкімі әлеуметтік желілер арқылы қызметтен кеткендігін мәлімдеді
Сурет: gov.kz
Бауыржан Ғайса 2024 жылдың 21 тамызында Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Құрметті көкшетаулықтар! Мен Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кеттім. Біз қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастамаларды іске асыра алдық деп ойлаймын",- деп жазды ол.
Ол әрі қарай қала тұрғындарының өмірін жақсарту үшін қабылданған бірқатар шараларды келтірді.
"2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 144 КТҮ тапсырылды, 170км астам жол жөнделді, 39 балалар мен 47 спорт алаңдары салынды. Биыл Халық қатысатын бюджет жобасын іске асыру аясында 19 алаңның құрылысы жүргізілуде. Мен осы қиын, бірақ қызықты жолда менімен бірге болғандардың барлығына алғыс айтқым келеді".
Ақмола облысының әкімдігі оның 21 тамызда қызметінен босатылғанын хабарлады. Міндетін уақытша атқару қала әкімінің орынбасары Гүлмира Шукатоваға жүктелді.
Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайса бұл қызметті 2021 жылдың наурыз айынан бастап атқарған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript