Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамытуда ненің айрықша рөл атқаратындығын айтты

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамытуда ненің айрықша рөл атқаратындығын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2024 12:47 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Президент Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысып, сөз сөйледі. Жиында ғылыми-технологиялық прогресс әлемдік мұнай-газ саласын дамытуда айрықша рөл атқаратындығын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы энергетика саласының түбегейлі өзгергеніне, логистика, экология мәселелерінің маңызы артқанына назар аударып, бұл секторда алдағы уақытта атқарылуға тиіс бірқатар міндетке тоқталды

"Ғылыми-технологиялық прогресс әлемдік мұнай-газ саласын дамытуда айрықша рөл атқарады. Мұнай өндіру көлемі тұрақты өсуі үшін геологиялық барлау және кен орындарын игеру ісіне озық технологияларды белсенді түрде енгізу қажет. Бұрын-соңды болмаған халықаралық тұрақсыздық жағдайында экспорттық бағыттарды одан әрі әртараптандыру – басты міндет. Мұнай өңдеу секторын дамыту маңызды. Заманауи экологиялық стандарттарға сай мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз ету керек. Мұнай-газ химиясының да келешегі зор", – деді Мемлекет басшысы.

Президент жақында Атырауда полипропилен зауыты іске қосылғанына тоқталып, осы саладағы басқа да жобаларды уақтылы жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

"Біз өңделу деңгейі жоғары өнім шығару мүмкіндігімізді еселей түсуіміз керек. Мұнай-газ – еліміздегі орта бизнесті дамыту тетіктерінің біріне айналуға тиіс. Бұл – ауқымы кең сала. Осы мақсатқа жету үшін мемлекет кешенді шаралар қабылдап жатыр. Аталған секторда қызмет ететін ірі кәсіпорындар отандық кәсіпкерлердің өнімдерін өз қажетіне жаратуға басымдық бере отырып, жергілікті үлесті кезең-кезеңімен арттыра беруі қажет. Әлеуметтік жауапкершілікті күшейту, әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымның дамуына қомақты үлес қосу – негізгі міндет. Білікті мамандар даярлауға баса мән беру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Тоқаев тұңғыш қазақ мұнайының қай жерде өндірілгенін айтты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: