Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында инустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы келісім ратификацияланды
Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы "Қарасу" және "Ақ-Тілек" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенін құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы "Қарасу" және "Ақ-Тілек" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Жарлықта.
Айта кетсек, Сенаттың қарауына бұл құжат 5 қыркүйекте келіп түскен болатын. Аталған құжат инфрақұрылым нысандарын салу үшін инвестиция тарту, кешенді басқару, салық салу, валюталық бақылау және өту тәртібі сияқты мәселелерді реттейді.
Мақұлданған заң Қазақстан мен Қырғызстан арасында өндіріс, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript