Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалым Әшімов Теміртаудың әкімі болып қайта тағайындалды

Ғалым Әшімов, Теміртау қаласы, әкім, кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 18:16 Сурет: gov.kz
Ғалым Әшімов Теміртау қаласының әкімі болып қайта тағайындалды. Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жаңа қала басшысын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті жерлестер, сенім артқандарыңыз үшін алғысымды айтамын! Менің алдыма үлкен міндеттер қойылып отыр. Сіздермен бірлесіп, оларды шешетін боламыз", – деді Ғалым Әшімов.

Ғалым Әшімов 1968 жылы туған. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жәйрем тау-кен байыту комбинатында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте – Қарағанды облысының Жәйрем кентінің әкімі. Содан кейін "Өркен" ЖШС-де директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, коммерциялық бөлімнің бастығы, логистика жөніндегі директоры, логистика бөлімінің бастығы, "Жәйрем КБК" АҚ президентінің логистика жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеді.

2010 жылдан 2013 жылға дейін Қаражал қаласының әкімі қызметін атқарды, Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болды, Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын, сондай-ақ Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарды.

2013 жылдан 2015 жылға дейін – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2015 жылдан 2020 жылға дейін – Теміртау қаласының әкімі, Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.

Осы тағайындауға дейін "Имсталькон" АҚ-да жұмыс істеді.

Ораз Тәуірбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Ол бірге жұмыс істеп, қызметтес болғандардың барлығына алғысын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: