Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады

Қол қойды, Қасым-Жомарт Тоқаев, биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 18:01 Сурет: akorda.kz
2024 жылы 21 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Айта кетсек, бұл келісімге 2022 жылы 20 мамырда Минискіде қол қойылған. Бұл құжат биологиялық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолында маңызды қадам болып табылады. Ол жаһандық биологиялық материал алмасу желісіне қосылу, еліміздің ұлттық зерттеу мекемелеріне бірегей үлгілерге қол жеткізуге және жетекші әлемдік зертханалармен бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Мәселен, биоматериалды алушы тиісті қорғау жүйесі бар өз зертханасында диагностикалық, мониторингтік жұмыстар және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғана пайдаланады. Биоматериал коммерциялық лицензия өнімдерін немесе көрсетілетін қызметтерді өндіру немесе сату сияқты коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмайды. Кез келген зерттеулер аяқталған соң алушы зерттеулерді жүргізу нәтижелері туралы өнім берушіні хабардар етуге міндеттеледі. Алушы өнім берушімен келісу бойынша материалды өзге де мақсаттарда пайдалана алады.

Сенат Мәжіліс қабылдаған "Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды 2024 жылы 3 қазанда  мақұлдады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: