Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары анықталды

Касым-Жомарт Токаев, Казахстан, президент , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 09:09 Фото: akorda.kz
23 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметінше, Президент Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Сыйлықтың лауреаттары:

  1. ақын Нұржан Светқалиға – "Көкірегім көне кітап" жыр кітабы үшін;
  2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – "Адамның бір қызығы бала деген" кітабы үшін;
  3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – "Көшпенді фрескалар" киізден бастырылған паннолары топтамасы мен "Әлем өрнектері" гобелендер топтамасы үшін;
  4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – "Балалықтан даналыққа жол" топтамалар жинағы үшін берілді.

Сондай-ақ, Тоқаев бүгін, 23 қазанда Республика күні қарсаңында ғалымдарды, құтқарушыларды және өндіріс қызметкерлерін марапаттады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: