Қазақстан президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен келіп жетті
Сурет: Ақорда
19 қарашада кешқұрым Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды", делінген Ақорда баспасөз қызметі.
Сонымен қатар президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Сербияға ресми сапары аяқталған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript