Мұрат Нұртілеу Қазақстандағы Қытай елшісін қабылдады
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұрат Нұртілеу қазақ-қытай ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалап, Қытай дипломатының екі ел арасындағы мызғымас достық пен өзара қолдауы бар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Өз кезегінде ҚХР Елшісі өзінің Қазақстандағы миссиясы барысында үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, еліміздегі жұмысы ол үшін үлкен жауапкершілік пен құрмет болғанын білдірді.
Тараптар саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын белгілеп, жүргізіліп жатқан мәдени-гуманитарлық іс-шараларды екі халықтың арасындағы достықтың берік көпірі деп атап өтті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдаған болатын.