Тоқаев сүт өндірушілер туралы: Өз нарығымызды бәсекелестерге беруге мәжбүрміз

Супермаркет, маркет, продуктовый, продукты питания, молоко, молочные продукты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 11:54 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке еуразиялық сауданы дамытуда әділ талаптарды табанды түрде қорғауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы сүт өнімдерін өндіру саласындағы мәселелерге тоқталды.

"Біздің кәсіпкерлеріміз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кәсіпорындарымен салыстырғанда қажетті көлемде мемлекеттік қолдау алмайтыны белгілі болды. Сол себепті олар тиімсіз жағдайда қалып, бәсекелестерге өз нарығын беруге мәжбүр. Әсіресе, әңгіме сүт өндірушілер туралы болып отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, үкімет еуразиялық сауданы дамытуда әділ талаптарды дәлелді түрде қорғауға міндетті. Ал депутаттар отандық өндірушілердің құқығын заңнамалық бастамалар арқылы қорғауы қажет.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында инфляцияның жоғары деңгейіне қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: