Қазақстанда Заңсыз активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 11:32 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Бас прокуратураның кейбір функцияларын трансформациялау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Бас прокуратура жанындағы Заңсыз активтерді қайтару комитетін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атау уақыты келгенін жеткізді.

"Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен жақсы жұмыс істеді: қазынаға шамамен 850 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражат 10 мектеп пен 4 спорт нысанын салуға, 235 денсаулық сақтау және 177 су нысанын тұрғызу мен жаңғыртуға бағытталды. Республикалық бюджетке қосымша қаржы түсуі күтілуде", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан Президенті елде Жасанды интеллект министрлігі құрылатынын мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: