"Ақ жол" партиясы бір палаталы Парламентке көшу туралы бастаманы қолдады
Сурет: "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметі
Мәлімдемеде атап көрсетілгендей, Мемлекет басшысы Бас прокуратура жанынан Инвестицияларды қорғау жөнінде комитет құру, ЕАЭО шеңберінде отандық өндірушілерді қолдау, экономиканың индустриялық бағытын дамыту, сирек кездесетін металдар мен металлургияның геологиялық барлау институтын қалыптастыру, криптотехнологияларды жаппай цифрландыру және енгізу, Кодекстің 21 нормасын және 300-ден астам заңды Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкестендіру, адал кәсіпкерлерді қолдау үшін жаңа Салық кодексін әкімшілендіру, бюджет пен квазимемлекеттік құрылымдардың негізсіз шығындарын қысқарту және т. б бірқатар аса маңызды әлеуметтік-экономикалық бастамалардың тізгінін қақты.
"Ақ жол" демократиялық партиясы президенттің ұстанымымен еш даусыз келіседі, Мәжілістегі партия фракциясы бұл проблемаларды мемлекеттік органдар алдында үнемі көтеріп отырады. Бүгінгі Жолдау Парламентке Үкіметтен нақты шешімдерді талап етуге негіз болады. Алайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең өзекті, стратегиялық тұрғыдан әбден екшеленген, тіпті революциялық ұсынысы ретінде "Ақ жол" демократиялық партиясы бір палаталы Парламентке көшу және оның депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау туралы бастамасы деп қарастырады", делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ 2022 жылғы конституциялық реформадан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласына сәйкес, олардың функционалдығын кеңейту және тежеу мен тепе-теңдік жүйесінде үлкен салмақ беру үшін қоғамның, партияның және Парламенттің жаңа саяси мәдениеті пісіп-жетілгені де айтылады.
"Бір палаталы Парламент елдің бүкіл аумағында бірыңғай саяси ерік-жігерді іске асырудың түпкілікті сипатын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның мемлекеттік құрылымының унитарлық сипатына сай келеді. Сонымен қатар, жоғарғы палатаның болмауы көппартиялық Мәжіліс шешімдерінің билік партиясы тарапынан болатын "цензурадан/түзетуден" бас тартуын да білдіре алады. Партиялық тізімдер бойынша Парламенттің құрылуы депутаттарға парламенттік трибунадан өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, пікірлестерімен бірігіп, қажетті шешімдер мен заңдарды қабылдауға қол жеткізуге мүмкіндік береді, яғни тек дауысты жеткізу үшін ғана емес, нәтиже үшін де күресетін болады. Осылайша, партиялар институтын ғана емес, сонымен бірге сайлаушылардың көпшілігінің мүдделерін білдіретін Парламент институтын да нығайту жүргізіліп жатыр", - дейді партиядағылар.
"Ақ жол" демократиялық партиясы өткен кезеңдерде де осындай ұстанымда бірнеше рет мәлімдеме жасаған, ал қазір Мемлекет басшысының бүгінгі бастамаларын батыл қолдайды.
"Өз сайлаушыларымызды және Қазақстанның барлық азаматтарын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесі үшін ұсынған өзгерістерінің тағдырлы мәнін түсінуге және оларды бір жылдан кейін өтетін референдумда қолдауға шақырамыз", делінген мәлімдеме.
Айта кетсек, бүгін, 2025 жылы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына және Парламентке Жолдау жариялады.