"Ақ жол" партиясы кезектен тыс президенттік сайлауға Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Партия төрт кандидатты қарастырды. Олардың қатарында Қасым-Жомарт Тоқаев, журналист Сандуғаш Дүйсенова, мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және "Ақ жол" партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов бар.
Жасырын дауыс беру арқылы "Ақ жол" демократиялық партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Қазақстанда президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді.
30 қыркүйекте "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы президенттікке кандидат ретінде Жигули Дайрабаевты таңдады.
1 қазанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Нұрлан Әуесбаевты кандидат ретінде ұсынды.
3 қазанда "Аманат" кәсіподақтар достастығы кезектен тыс президенттік сайлауға Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын ұсынды.
6 қазанда Amanat партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Қазақстан халық партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.