Қасым-Жомарт Тоқаев Халықтық коалициядан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды
Сурет: akorda.kz
6 қазанда Amanat, "Ақ жол" және Қазақстан Халық партиясы президенттік сайлауға қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада өткен Халықтық коалиция форумына Amanat , "Ақ жол", Қазақстан Халық партияларының, сондай-ақ 20-дан астам республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ардагерлер, жастар және 2 мыңнан астам қоғам өкілдері болды.
Форум барысында Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов сөз сөйледі.
Бүгін Халықтық коалиция президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады! Бұл таңдау – еліміздің шынайы патриоттарының, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы! Ерлан Қошанов
Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның форумында Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те пікірін білдірді.
Біз Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау арқылы болашақты таңдаймыз. Мен президенттің бастамаларымен жүзеге асып жатқан барлық реформаларды қолдаймын. Себебі ол мемлекетіміздің бүгінгі және ертеңгі өмірі үшін аса маңызды. Тоқтар Әубәкіров
Сурет: akorda.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript