Байден Трамптың президенттікке кандидат ретінде тіркелгеніне орай пікір білдірді
Twitter-де жарияланған видеода Джо Байден өзіне дейін болған президенттің саясатын еске алды.
"Дональд Трамп Американы жерге қаратты", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
— Joe Biden (@JoeBiden) November 16, 2022Donald Trump failed America. pic.twitter.com/fylyocYcse
Байден Трамптың бірнеше "жетістігін" атап өтті: байларға салықты төмендету, жұмыссыздықтың рекордтық көрсеткіші, ең нашар еңбек көрсеткіші. Сондай-ақ, жарияланған видеода айтылғандай, Трамп зорлықшыл шерулерге түрткі болды және 23 миллион америкалықты медициналық сақтандырусыз қалдырмақ болды.
Байден "Трамп қызметке кіріскен кезде жұмысшысы ең аз болған Ақ үйден кеткен жалғыз президент" екенін айта өтті.
Ал зерттеу нәтижелері Трамп басшылық еткен кезде жұмыссыздық жарты ғасырдағы ең төменгі 3,5% деңгейіне дейін азайды. Алайда көрсеткіш тек еңбекке жарамды жастағы адамдарды қамтиды. Пандемия басталғаннан бері жұмыссыздықтың күрт өскенін атап өткен жөн.
16 қараша күні Федералдық сайлау комиссиясы Трамп президенттік сайлауға қатысу үшін президенттікке кандидат ретінде тіркелгенгенін айқақтайтын құжатты жариялады.
АҚШ президентін сайлау 2024 жылғы қарашада өтеді.
Дональд Трамп 2017 жылғы 20 қаңтардан 2021 жылғы 20 қаңтарға дейін АҚШ-тың 45-президенті болды.