Президент Ақмола облысында егін жинау науқанының барысымен танысты

Ақмола облысына жұмыс сапары: Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен қайда барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 12:30 Сурет: akorda.kz
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 16 қыркүйекте, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі мәлім етті:

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл өңірде егіс алқаптарының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарға жеткені баяндалды".

Агроқұрылымдардың болжамына сәйкес, биылғы жылы облыста астық өндірісі 7 млн тоннадан асады, ал майлы дақылдардың жалпы жиналымы 650 мың тоннадан жоғары болады деп күтілуде.

Қазіргі таңда 1 гектардан орташа өнімділігі 15,4 центнерді құрай отырып, 3,6 млн тонна астық жиналды. Астықтың сапасы жоғары деңгейде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде жоғары өнімді майлы дақылдар алқаптарын кеңейту жұмыстары жалғасуда. 2023 жылмен салыстырғанда олардың көлемі 2,5 есеге артып, 495 мың гектарға жетті.

Сәтті жұмыс істеп жатқан көпсалалы кәсіпорындардың бірі – "Зеренді сақтау өнімдері" ЖШС. Шаруашылық директоры Ербол Жауаровтың айтуынша, мұнда дәнді және бұршақ дақылдары өсіріліп, сондай-ақ ірі қара мал мен жылқы өсіріледі.

Сонымен қатар, агроқұрылымның қуаттылығы 2,5 мың тонналық май зауыты, құс фабрикасы және диірмені бар.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: