Тоқаевтың АҚШ-тағы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында қашан сөз алатыны белгілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Тоқаевтың АҚШ, БҰҰ Бас Ассамблеясы, мерейтойлық сессиясы , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 19:56 Сурет: akorda.kz
23 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясының Жалпы дебатының ашылу шарасына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, 80-ші мерейтойлық сессияның пленарлық отырысын БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Анналена Бербок ашады.

Қасым-Жомарт Тоқаев шамамен Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 13:00-ден 14:00 аралығында (Астана уақыты бойынша 22:00-23:00) сөз алады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Тоқаев ТМД елдері көшбасшылары арасында бірінші болып сөз сөйлейді. Барлығы 97 мемлекеттің басшылары сөз сөйлейді деп күтіледі. 

Бұған дейін әлемдегі ең ірі тікелей инвестициялар қоры Қазақстанға қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нью-Йоркте Chevron корпорациясының басшысымен кездесу өткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: