Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы кездесулерін жариялады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 16:02 Фото: akorda.kz
Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылғы 26–30 қыркүйек аралығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы кездесулері мен жоспарлары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді

27 қыркүйекте Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді.

Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия Президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді.

Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.

Жақында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары аяқталғаны белгілі болды. Сол сапар барысында Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім және меморандумға қол қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: