Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысын қабылдады

Бүгін, 2025 жылғы 3 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ОПЕК Бас хатшысы Хайсам әл-Гайсты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 12:51 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 3 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ОПЕК Бас хатшысы Хайсам әл-Гайсты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты Ақорда Telegram-арнасы таратты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайтам әл-Гаис әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайтам әл-Гаистың сапарын еліміз бен ұйым арасындағы конструктивті диалогты дамытуда маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға басымдық бере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайды.

Әңгімелесу барысында өңірдегі энергетикалық жүйенің орнықтылығын нығайту бағытындағы бірлескен шаралар пысықталды. Сондай-ақ мұнай өндіруші елдер мен көмірсутегін импорттаушы мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін сақтаудың маңызына мән берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: