Тоқаев Владимир Путинмен Душанбеде кездесті

Кездесу, Душанбе, Тоқаев, Путин, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 17:02 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 10 қазанда Ресей президенті Владимир Путинмен Душанбеде кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекет басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінен кейін өтті.

Путин Тоқаевпен осындай шара барысында жеке-дара кездескеніне өте қуанышты екенін айтты.

"Біз Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы байланыстардың сипаты ерекше. Бұған Сіз бен біздің достығымыз ғана ықпал етіп отырған жоқ. Өйткені Қазақстан мен Ресей посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге бастамашы болып келе жатқаны белгілі. Бізде тұрақты түрде назар аударатын екіжақты мәселелер жеткілікті. Өз тарапымнан Қазақстан-Ресей байланыстарын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғыс айтамын. Екіжақты форматтағы осындай кездесулеріміз ынтымақтастығымызды дамыту үшін пайдалы болатынына сенімдімін". Владимир Путин

Бұдан кейін Тоқаев сөз сөйлеп, Ресей президентіне Душанбеде өзімен кездесуге мүмкіндік туғаны үшін алғыс білдірді.

"Қарбалас екі күндік жұмыстан кейін. Бұл мен үшін, біз үшін өте маңызды кездесу. 12 қараша күні, яғни екі аптадан кейін Сіздің шақыруыңызбен Ресейге сапармен барамын. Біз бұған ерекше мән беріп отырмыз. Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарға тың серпін береді деп ойлаймын. Қазақстан мен Ресейді шын мәнінде мәңгі одақтастық, стратегиялық серіктестік және достық қарым-қатынастар байланыстырады. Көрсеткіштерге көңіл толады. Менің Ресейге жасайтын сапарымның алдында өзара сауда көлемі жоғары деңгейге жетті. Былтыр оның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Ресей біздің экономикаға қаржы құйып отырған негізгі инвесторлардың бірі. Осы жылдар ішінде Ресей бизнесі Қазақстанға 26 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Өткен жылдың өзінде елімізге 4 миллиард доллар инвестиция келді. Бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 22 миллиард долларға жуық 114 жобаның іске асырылғанын мысалға алсақ та жеткілікті. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы 2025 жылғы 10 қазанда өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында достастықтың 35 жылдығы қарсаңында елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және Ұйым қызметін ілгерілетуге бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салғанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: