Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Телефонмен сөйлесу, Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 20:34 Сурет: Ақорда
2025 жылы 28 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Солтүстік Македония президентімен кездескенін хабарлағанбыз. Ал оның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Бундесратының президентімен кездескен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: