Мемлекет басшысы Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл білдірді

Юрий Аравин, Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, көңіл айту, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 22:40 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 20 қазанда көрнекті мәдениет қайраткері, "Отан" орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті", делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетсек, бүгін қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, "Парасат" және "Отан" ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі, профессор Юрий Петрович Аравин 85 жасқа қараған шағында дүние салғаны мәлім болды.

Ол қазақтың халық музыкасын насихаттауға үлес қосқан танымал тұлғалардың бірі еді. Сондай-ақ музыка саласының ғалымы фольклорлық мұраларды жинақтау мақсатында көптеген ғылыми-шығармашылық экспедицияларға бастамашы болды. Көптеген ежелгі музыкалық туындыларды жаңғыртып, ғылыми жүйеге түсірді. "Музей звуков", "Малая антология казахской музыки" атты телебағдарламалардың, "Тотем" радиосындағы "Степное созвездие" атты бағдарламаның авторы болды.

Zakon.kz редакциясы Юрий Аравиннің туған-туыстарына қайғыра отырып, көңіл айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: