Тоқаев Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 21:02 Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.


"Вера Васильевна ғибратты ғұмырында қатардағы агрономнан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының міндетін атқарушыға дейінгі еңбек жолынан өтті. Ол қазақ даласындағы тың игеруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Вера Васильевнаны адамгершілік және өмірлік ұстанымына берік қасиеттері ерекшелеп тұратын. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде студенттерге көмек көрсетуі оның шын мәнінде патриот әрі әділдік үшін күресте тайсалмайтын тұлға екенін дәлелдейді", - деп жазылған жеделхатта.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: