Тоқаев Путинмен алдағы келіссөздердің аса маңыздылығын атап өтті

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев и Президент Российской Федерации Владимир Путин, Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин, Путин и Токаев, Токаев и Путин, Россия и Казахстан, Казахстанско-российские отношения, РФ и РК, отношения России и Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 09:32 Фото: akorda.kz
Мәскеуге жасалатын сапар алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы "Российская газета" басылымында жарық көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақалада мемлекет басшысы Ресей Президентімен алдағы келіссөздердің маңыздылығына тоқталды.

Президенттің жазуынша, 2024 жылғы қарашада Ресей Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп, саяси және практикалық маңызы жағынан тарихи оқиғаға айналған.

"Астанада біздің серіктестігімізге жаңа мүмкіндіктер ашқан көлемді құжаттар топтамасына қол қойылды. Ең маңыздысы – санкциялық қысым мен халықаралық шиеленістерге қарамастан, екі ел ынтымақтастықтың тұрақтылығын және серпінді дамуын сақтап қала алды. Мәскеуге жасалатын мемлекеттік сапарым қарсаңында Владимир Путинмен өтетін келіссөздердің айрықша маңыздылығын атап өткім келеді", – деп жазды Тоқаев.

Сонымен қатар, соңғы бірнеше айда Президент ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ Еуропа, Азия және Африка елдерінің бірқатар басшыларымен мазмұнды келіссөздер өткізгенін атап өтті.

"Геосаяси спектрдің қарама-қарсы полюстерінде орналасқан көптеген елдерге қарамастан, барлығы да Ресейдің және оның басшысының халықаралық қатынастардағы түйінді мәселелерді шешудегі айрықша рөлін мойындайды. Басқаша айтқанда, қазіргі әлем қайшылықтарын Мәскеудің қатысуынсыз еңсеру мүмкін емес", – деп жазды Қазақстан Президенті.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей шын мәнінде үлгі боларлық мемлекетаралық қатынастар орнатты.

"Үш онжылдықтан астам уақыт бойы біз екі халықтың игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастығымызды табандылықпен дамытып келеміз. Владимир Путинмен өтетін алдағы келіссөздер бұл қатынастарды жаңа мазмұнмен толықтыру тұрғысынан ерекше мәнге ие. Мәскеуге жасалатын сапарымның кең күн тәртібіндегі негізгі тармақ – Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарды жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтеру туралы Декларацияға қол қою. Бұл құжат сөзсіз екіжақты байланыстардың жаңа дәуірін ашып, өзара сенімнің бұрын-соңды болмаған деңгейін және барлық бағыттар бойынша тығыз ынтымаққа дайын екенімізді айқындайды", – деп қорытындылады мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің мақаласының толық мәтінімен мұнда танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: