Мемлекет басшысы "Белгісіз жауынгер бейіті" ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды
Сурет: akorda.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы "Белгісіз жауынгер бейіті" мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, рәсім барысында Мемлекет басшысы ескерткішке тағзым етіп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Осыдан кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындады.
Салтанатты шара Құрмет қарауылының ресми делегация алдынан сап түзеп өтуімен жалғасты.
Қазақстан халқы Ұлы Жеңіске зор үлес қосқан. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты.
500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


