Дональд Трамп Қазақстан президентіне Ақ үйдің символикалық кілтін сыйлады

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Желдібай Руслан ақпарат таратты , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 09:45 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов 2025 жылдың 16 желтоқсанында Президент Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың 2025 жылдың 23 желтоқсанында таратқан ақпаратына сүйенсек, рәсімнен кейін тараптар қысқаша әңгімелесті.

Кездесу барысында АҚШ Президенті биыл қараша айында Ақ үйде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Дональд Трамп Мемлекет басшысына жылы лебізін білдіріп, оны "халықаралық үдерістерді терең білетін, жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, тамаша тұлға" деп сипаттады.

Сондай-ақ АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сияпат жолдады. Олардың қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен Дональд Трамптың жеке қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.

Сурет: akorda.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: