Мемлекет басшысы Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Құттықтау жеделхаты, Мемлекет басшысы, Тоқаев, Куба президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2026 16:03 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 1 қаңтарда Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтаған болатын. Оның толық мәтінімен мына арадан таныса аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: