Тоқаев Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Құттықтау жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев, Куба президенті, Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2025 16:01 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 1 қаңтарда Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтадығ деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: