Қазақстанда Салық кодексіне түзетулер енгізу үшін жобалық офис құрылмақ

Налоговый кодекс РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2026 11:18 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 21 қаңтарда үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жобалық офис жаңа Салық кодексінің нормаларына біртіндеп, болжанатын және үйлестірілген өтуін қамтамасыз ететінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексін енгізу жұмысы тұрақты бақылауда тұр.

"Кодекс қабылданған сәттен бастап жүйелі түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Елдің 20 өңірінде шамамен 130 мың бизнес өкілінің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды. 1 500 жуық сұраққа түсіндірме берілді. Үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етілген. Кодекске қол қойылған сәттен бері 1 400 жуық өтініш келіп түсті, оның 205-і биылғы жылдың басынан бері. Көпшілігі практикалық сипаттағы сұрақтар: салық режимін таңдау, ұзақмерзімді келісім-шарттарды орындау, жаңа нормаларды қолдану мәселелері", – деді министр.

Серік Жұманғарин сонымен қатар Үкімет жанында Салық кодексін енгізу және реттеуші ортаны жеңілдету жобалық офисін құру жоспарланып отырғанын хабарлады.

"Жобалық офис – координацияның біртұтас орталығы болады, онда бизнес өтініштері жинақталады, үйлестірілген шешімдер қабылданады және мемлекеттің біртұтас позициясы қалыптасады. Барлық конструктивті ұсыныстар мұқият қаралады, нәтижесінде түзетулер енгізудің қажеттілігі мен өзектілігі анықталады. Жобалық офис Салық кодексінің жаңа нормаларына біртіндеп, болжанатын және үйлестірілген өтуін қамтамасыз етеді және реттеуші ортаны жеңілдетеді", – деді министр.

Оның айтуынша, жоспарланған шаралар елде тұрақты әрі сапалы өсімге негіз болады, бұл халықтың әл-ауқатының артуымен қатар жүреді.

2026 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтай отырысында Салық кодексіне қоғам пікірін ескере отырып түзетулер енгізу қажеттігін атап, сапалы экономикалық өсімді сақтау маңызды екенін мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: