Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады

Құттықтау жеделхаты, Тоқаев, Вьетнам, То Лам, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2026 17:34 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 24 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді", делінген жеделхат мәтінінде.

Айта кетсек, 2026 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Қол қою рәсімі Давос қаласында өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: