Мемлекеттік наградалар қатары тағы да толықты

Ақорда, Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Шәмші Қалдаяқов, медаль, Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі, құрметті атағы, мемлекеттік наградалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2026 10:38 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізіп, мемлекеттік наградалар тізімін толықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров атап өткендей, мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.

"Осы ретте президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады".

Смадияров бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға берілетінін де нақтылай кетті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: