Қасым-Жомарт Тоқаев канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Келіссөз, Берлин, Қасым-Жомарт Тоқаев, канцлер, Фридрих Мерц , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 22:34 Сурет: akorda.kz
Германияда ресми сапармен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ыстық ықыласы үшін Германия Канцлеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

Екі ел үкіметтері өзара ықпалдастықты кеңейтуге барынша жағдай жасайтыны атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің және жетекші инвесторлардың қатарына кіреді.

Өнеркәсіп, аса маңызды минералдар, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, сондай-ақ машина жасау, химия өнеркәсібі секілді қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын салаларда серіктестікті жандандыруға мол мүмкіндік бар.

Бұдан бөлек, тараптар көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Халықаралық құрылымдар, соның ішінде "Орталық Азия – Германия" форматы аясында белсенді байланыс қарқынын сақтауға уағдаласты.

Келіссөз, Берлин, Қасым-Жомарт Тоқаев, канцлер, Фридрих Мерц , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 22:34

Сурет: Ақорда

Президент пен канцлердің келіссөзі екі ел делегациясы мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Германияның стратегиялық серіктестігі берік саяси диалогқа, ортақ экономикалық мүддеге және халықтар арасындағы тығыз байланысқа арқа сүйейтінін айтты.

"Өзара сауда-саттық көлемі өткен жылы 13,4 пайызға ұлғайып, 4,5 миллиард долларға жетті. Германияның соңғы 21 жылда елімізге салған инвестициясы 8 миллиард долларды межеледі. Осы ретте германиялық инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету айрықша бақылауда екенін айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне баса мән берілді. Бүгінгі таңда бірлескен инвестиция портфелінде жалпы құны шамамен 54 миллиард доллар болатын 40 өнеркәсіп жобасы бар.

Бұл ретте президент Үкіметаралық жұмыс тобы мен Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің үйлесімді әрі нәтижелі қызметіне оң баға берді.

Мемлекет басшысы Германияның қазіргі әлемдік саясат пен экономикадағы елеулі рөліне назар аударды. Оның айтуынша, елдің өндірістік қуаты, мықты ғылыми мектебі және неміс халқының еңбекке деген жауапкершілігі халықаралық деңгейде сөзсіз мойындалған.

Сонымен қатар Қазақстан президенті мен Германия канцлері мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту, соның ішінде білім мен ғылым саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды.

Тараптар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия сапары екі елдің игілігі мен гүлденуі жолындағы оң нәтижелерге жетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Келіссөз соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: