Димаш Құдайберген "әлемдегі ең қымбат клиптің" тизерін жариялады

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2022 15:14 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Жуырда әнші әрі композитор Димаш Құдайберген "әлемдегі ең қымбат бейнебаянды" "Бір аспанның хикаясы" жаңа композициясына түсіргенін айтты. Ал 11 қыркүйекте клиптің тизері шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнебаянның тизері Димаштың YouTube-тегі арнасында жарияланды.

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жазғандай, 24 қыркүйекте Алматыдағы фан-митингте "Бір аспан тарихы" бейнебаянының премьерасы болады.

Димаш Құдайбергеннің 12 минуттық бейнебаяны планетамыздағы адамдардың бірлігіне арналған.

"Біз бәріміз нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінеміз, бірақ бәріміз бір планетаның балаларымыз және бір аспанның астында өмір сүріп жатырмыз. Өмір – ең жоғары құндылық", - делінген тизер сипаттамысында.

8 қыркүйекте Димаш Құдайберген The Story of One Sky әніне түсірілген "Әлемдегі ең қымбат бейнебаяны" жарияланатынын айтқан еді. Әнші бұл жобаның жұмысын үш жыл бұрын бастағанын бөлісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: