Жаңалықтар тізбегі
0

"Сіз қазаққа керексіз": Нұрғали Нүсіпжановтың ауруханада жатқаны хабарланды

Нұрғали Нүсіпжанов және Жігер Ауыпбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 12:13 Сурет: Instagram/jiger_auypbaev_official
Әнші Жігер Ауыпбаев Instagram-дағы парақшасында Нұрғали Нүсіпжановпен түскен фотосын жариялап, оған зор денсаулық тіледі. Әншінің сөзінше, халық артисі ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жігер Ауыпбаев халық артисінің жазылып кетуін тілеп, оған жылы сөздерін арнады.

"Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтай аңыз тұлғалардың көзін көріп творчестволық байланыс жасаған қазақ шоу бизнесінің мэрі Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз сырқаттанып ауыруханада жатыр екен… Алла шипа берсін Нұр аға! Жазылып кетіңіз! Сіздің сахнаға шыққаныңызды қаншама халқыңыз күтіп отыр, Қаншама өнердегі іні,қарындастарыңыз саулығыңызды тілеп жазылып шыққаныңызды күтіп отыр?! Ауырмаңыз! 100 жасаңыз! Сіз қазаққа керексіз!" - деп жазды Жігер әлеуметтік желідегі парақшасына.

Сонымен қатар әнші өз оқырманынан халық артисіне жылы сөзін аямауды, посттың астына тілек жазып кетуді сұрады

Нұрғиса Тілендиевтің Instagram-дағы ресми парақшасы 19 қыркүйектен бері жаңармапты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: