Шакираның жанкүйері бөтен аруды ерткен әншінің экс-күйеуін мейрамханадан қуып шыққан
Сурет: Instagram/3gerardpique
Соңғы кездері испандық БАҚ-тың назары Барселонаның экс-футболшысы Жерар Пике мен оның сүйіктісі Клара Чиа Мартиге ерекше ауған. Олардың ізіне түскен журналистердің бірі қос ғашықты Барселонадағы мейрамханалардың бірінен қуып шыққан сәтті видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, бұл видеода қос ғашықты Барселонадағы жапон мейрамханаларынан бірінен қуып шыққан. Олардың пайымынша, аталған мекеменің иесі Шакираның жанкүйері болып табылады. Жерар мен Клара мейрамханаға кірген кезде даяшы оларға қызмет көрсетуден бас тартқан, сондықтан олар ол арадан кетуге мәжбүр болыпты.
12 жыл некеде болған Шакира мен Жерар Пике өткен жылы ажырасқан. Екеуінің екі ұлы бар. Кейін футболшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында достық қарым-қатынастамыз деп жариялаған студент қыз - Клара Чиа Мартиді ертіп жүретін болған. Жас ару Пике басқаратын компанияда PR менеджер болып жұмыс істейтіні белгілі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript