Еліміздегі бай асабалардың бірі құдандалы болды

Тука, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 21:13 Сурет: Instagram/nurjan.tolendiev
Әзіл-сықақ театр актері әрі асаба Нұржан Төлендиевтің ұзатылғалы жатқан тұңғышы Қорланның сырға салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүйінші хабармен Нұржан Төлендиевтің өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Мінекей, енді бой түзеп, еркелей өскен қызым өз еліңнен қалықтап ұшып, жүрек қалауыңмен арыстай азаматтың еліне қонғалы отырсың. Барған жеріңде бағың ашылсын. Тастай батып, судай сің! Еріңнің туы, еліңнің нуы бол. Бұдан былай саған бір әулеттің жауапкершілігі жүктеледі. Парасаттылықпен сол сенімді ақтағайсың", делінген жазбада.

Одан бөлек желіде құдаларды қарсы алған видео тарады. Одан қос ақ түйеге жүк артқан, ұлттық киімдегі адамдардың көшемен жаяулатып, домбыра-баянмен ән шалқытып келе жатқанын көруге болады. Содан-ақ құдалықтың салт-дәстүрдің барлық талабына сай өткенін аңғаруға болатын секілді.

Оқи отырыңыз: Туканың Шымкенттегі пентхаусын көрген жігіт таң қалды


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: