Зиннедин Зидан "Реалдың" бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

vesti.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2018 21:15 vesti.kz
Француз маманы испандық клубпен айтарлықтай жетістікке жетті.

Мадридтің "Реал" футбол клубын 2,5 жыл жаттықтырған Зиннедин Зидан қызметінен кетті. Бұл туралы Cadena Ser басылымы хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Басылым ақпараты бойынша, бүгін бас жаттықтырушы арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, командадан кетуге шешім қабылдағанын хабарлаған.

Айта кетейік, француз маманы испандық клубпен айтарлықтай жетістікке жетті. Ең бастысы – Чемпиондар лигасында үш жыл қатарынан топ жарды. Үлкенді-кішілі 9 бірдей чемпиондық атақты иеленді.

Зиннедин Зиданның орнына қазіргі таңда "Тоттенхэмді" жаттықтырып жүрген аргентиналық маман Маурисио Почеттино келуі мүмкін.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: