Головкин "Канелоны" не үшін нокаутқа түсіргісі келмейтінін мойындады
Sputniknews.kz
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
Орта салмақтағы WBA, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 15 қыркүйек күні Сауль "Канело" Альваресті мерзімінен бұрын жеңсе, қандай салдары болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
— Егер 15 қыркүйек күні "Канелоны" нокаутпен жеңсең, бұл нокаут кленбутеролмен байланысты барлық даудан кейін сен үшін карьераңдағы ең үздігі бола ма?
— Иә деуге де, жоқ деуге де болады. Иә, өйткені оны нокаутпен жеңгеніме өте қуанышты болар едім. Солай болғанын қалаймын. Ал жоқ дегенге келсек, нокауттан кейін ол менімен үшінші рет жұдырықтасқысы келмейді, ал мен үшінші жекпе-жекті өткізгім келеді. Оны екі рет жеңсем деймін, — деп жауап берді Геннадий K.O. Artist Sports басылымына берген сұхбатында.
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес Сауль Альвареспен келіссөздер барысында GGG не үшін талаптарынан бас тартқысы келмегенін мәлімдеген болатын.
"Головкин 45%-дан кем үлеске бола жұдырықтаспаймын деді. Дедлайн туралы білгенде, 25 тамызда Forum-да өтетін Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жекке дайындықты бастап кеткен болатын әрі Ресейдегі әлем чемпионатында жүр еді. Геннадийдің ұстанымы берік, мінезді жігіт екеніне разымын, ол дегеніне жетті. Оны ақша қызықтырмайды. Иә, ең қомақты сыйақы алады, бірақ "Канело" да құр алақан қалмас", — деді Санчес ESPN арнасына берген сұхбатында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript