Қазақстан тумасы UFC Vegas турнирінде жаңазеландиялықты нокаутқа жіберді
![Лас-Вегас, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2021 11:59](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-5cf60e5d-39c7-4257-aefe-a0501c3af471/800x451.webp)
Рафаэль 1993 жылы 5 наурызда Қазақстанда дүниеге келген, кейін оның отбасы Қырғызстанға көшіп кетті
Лас-Вегаста (АҚШ) UFC APEX стадионында UFC Fight Night (on ESPN 31) турнирінің басты жекпе-жегі өтті. Шаршы алаңда Жаңа Зеландия өкілі Брэд Ридделл және Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын, алайда ол мәреге жетпей-ақ, үшінші бес минуттықта Физиевтің айналып келіп тепкен соққысынан кейінгі нокаутпен аяқталды, деп жазады Sports.kz.
Рафаэль 1993 жылы 5 наурызда Қазақстанда дүниеге келген, кейін оның отбасы Қырғызстанға көшіп кетті. Бұған дейін Физиев діни қудалауға байланысты бұл елдің атынан жекпе-жекке шығудан бас тартқанын айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript