Пеле қайтадан ауруханаға түсіп қалды

Аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 21:48 Сурет: Instagram/pele
Қазір аты аңызға айналған футболшының жағдайы тұрақты.

Бразилия ұлттық футбол құрамасы сапында үш дүркін әлем чемпионы болған Пеле тоқ ішектегі ісік дертінен емделу үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новостидің мәліметінше, ол Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн ауруханасында емделіп жатыр.

Қазір аты аңызға айналған футболшының жағдайы тұрақты. Ол медициналық процедуралардан өтіп, бірнеше күннен кейін ауруханадан шығарылады.

Тамыз айының соңында жоспарлы тексеріс кезінде Пеленің ішегінде ісік бары анықталды. Пеле ота жасатып, қыркүйек айының соңында ауруханадан шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: