Ерлі-зайыпты Тарбағатайдан Бейжіңге 99 күнде жетті
Шыңжаңдық ерлі-зайыпты Тарбағатай аймағынан Қытай астанасы Бейжіңге 99 күн атпен жол жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайдың "Ағажай-Алтай" ақпарат порталы хабарлағандай, 25 жастағы Жайна Еркінқызы күйеуімен бірге осыдан үш ай бұрын ағайын-туыс, достарымен ақылдаса келіп, мыңдаған шақырым қашықтықтағы Қытай елінің астанасы Бейжіңге атпен баруға шешім қабылдапты. Ерлі-зайыптылар бұл ұзақ сапарда қиыншылықтан көрі қызықты оқиғалар көп болғанын айтады. Олардың көлігі тегін болғанымен, жүріп-тұруға 120 мың юань (8 млн 160 мың теңгедей) жуық ақша жұмсаған.
Шыңжаңнан ел астанасына жолға шығуы – жас жұбайлар үшін өмірлеріндегі ең есте қалатын оқиға болды. Екі баланың ата-анасы жол-жөнекей әртүрлі елді мекендерді басып өтіп, 40 градустық аптап ыстықты, шөлді аймақтардың қиындықтарын бастан өткеріпті. Бейжіңге атпен жеткен қандастар өз ауылдарында мал бағумен айналысады.