Желіде Бибісара Асаубаеваны марапаттау рәсімінің бейнеролигі жарияланды

Блицтен әлем чемпионы, блиц, рапид, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2022 12:41 Сурет: Instagram/bibisarachess
30 желтоқсанда қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ел тарихында алғаш рет шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz

28 желтоқсанда дәл осы чемпионатта Бибісара Асаубаева рапидтен күміс медаль жеңіп алды.

Рапид – әр партияға 15 пен 60 минуттың аралығында уақыт берілетін шахмат түрі. Халықаралық ірі жарыстарда уақыт аралығы – 15 минут + әр жүріске 10 секунд, деп бекітілген. Шахмат ойынының бұл түрін гроссмейстер Давид Бронштейн ойлап тапқан.

17 жастағы спортшы қазақстандық шахмат тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтын медалін иеленді. Сонымен қатар, Бибісара планетаның ересектер чемпионатында ең жас әлем чемпионы атанды.

Блиц – рапидтен де жылдам ойын. Бүкіл партияға 1-ден 10 минутқа дейін беріледі. Электронды шахмат сағаты пайда болғанға дейін әр партияға 5 минуттан берілген. Бүгінде блицтен ірі турнирлер 3 минут + әр жүріске 2 секунд уақыт көрсеткішімен өткізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: