Қытай Олимпиада спортшылары үшін covid-19-ға сынама тапсыру ережесін жеңілдетті
Сурет: pixabay
Бейжің Олимпиада ойындарына қатысушылар үшін covid-19-ға сынама тапсыру талаптарын жеңілдетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Жаңа ереже бойынша сынамасы оң нәтиже көрсеткендер екі рет сынама тапсырып, онысы теріс болып шықса, турнирге қатыса алады.
Сонымен қатар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғандар үшін карантин 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.
Сынама оң болып саналатын цикл шегінің стандарты 40-тан 35-ке төмендетілді.
Бейжіңде ұйымдастырылатын Қысқы Олимпиада ойындары қатаң шектеулермен өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript