20 ақпанда Алматыда жолдар жабылады

Қыс, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2022 17:37 Сурет: Zakon.kz
Осы жексенбі, 20 ақпанда Алматыда қысқы марафон өтеді. Соған байланысты қала жолдарының кей бөлігі түскі уақытқа дейін жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Демалыс күні Алматыда мына көшелерде қозғалыс уақытша тоқтайды:

  • әл-Фараби даңғылы солтүстік жағынан Назарбаев даңғылынан бастап, Желтоқсан көшесіне дейін сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін жабық болады.

  • әл-Фараби даңғылында Меңдіқұлова көшесінен бастап 05:00-13:00 аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады.

  • әл-Фараби даңғылы солтүстік жағынан Желтоқсан көшесінен бастап, Esentai Mall сауда үйіне дейін 07:40-тан 11:00-ге дейін жабық болады.

  • әл-Фараби даңғылы солтүстік жағынан Esentai Mall сауда үйінен бастап, Гагарин көшесіне дейін 08:30-10:45 аралығында жабылады.

  • әл-Фараби даңғылы оңтүстік (жоғары) жағынан көлік қозғалысы үшін ашық болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: