Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарын бастады

Наурыздың 5-і күні таңертең Чжанцзякоу қаласында паралимпиада биатлонынан жарыс басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстаннан 6 шақырымдық биатлон жарысының стартына тек қысқы ғана емес, жазғы Паралимпиада ойындарының қатысушылары Сергей Усольцев пен Паралимпиада дебютанты, сондай-ақ ұлттық құраманың туын ұстаған Ербол Хамитов шықты. Екеуі де LW12 бойынша және отырып жарысады.
Бірінші болып жарыс алаңына әйелдер шықты, олардың жарысы Бейжің уақытымен таңғы 10-да басталды. Бейжің уақытымен 10:40-та әйелдер арасындағы жарыс аяқталысымен қазақстандықтардың қатысуымен ерлер жарысы басталды.
Қазақстандықтар 15-16-орындардан көрінді, дегенмен мәреге жеткен әрбір паралимпиадашы біз үшін жеңімпаз.
Сәлден кейін тік тұрып жарысатын қазақстандық атлеттер биатлоннан жарысқа түседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript