Будапеште Гран-при турнирі аяқталды. Нәтиже қандай

Семсерлесу, Будапешт, Венгрия, Гран-при турнирі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2022 14:28 Сурет: olympic.kz
Венгрияның Будапешт қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы Гран-при турнирі аяқталды. Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Руслан Құрбанов көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz сайтының жазуынша, сайыста Руслан Құрбанов даниялық Конград Констадты 15:6, франциялық Пауль Аллегриді 15:14 есебімен ұтса, негізгі топтың алғашқы кездесуінде Токио олимпиадасының чемпионы Масару Ямаданы 13:12 есебімен жеңді.

Алайда, жартылай финалда венгриялық Нодь Дэвидтен 10:15 есебімен жеңіліп, жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Вадим Шарлаимов 42-ші, Эльмир Алимжанов 100-ші, Дмитрий Алексанин 143-ші, Ильхамжан Анарқұлов 208-ші, Кирилл Павлов 228-ші, Ерлік Сертай 244-ші, Александр Савенко 262-ші орында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: