Рината Сұлтанова мен Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионы атанды

27 наурызда Тәжікстанда өткен шосседегі Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар Рината Сұлтанова мен Евгений Федоров алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Велошабандоз Рената Сұлтанова 24 шақырымдық қашықтықты 33 минут 24,632 секундта еңсеріп, әйелдер арасындағы элиталық санаттағы үздік уақытты көрсетті. Екінші орынды индонезиялық Делиа Приатна (+34,643) еншіледі. Қола медаль моңғол спортшысы Солонго Цэрэнлхамға бұйырды (+01:39.450).
Айта кетейік, Рината Сұлтанова шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ шабандозы атанды.

Сурет: Instagram/kcf.kz
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript